×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Бір өңірде тұрақтамаған": журналистің Мәжіліске кандидат болуына рұқсат берілмеді

30.01.2023, 12:59
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы ол өзінің YouTube арнасында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзінің айтуынша, себеп – соңғы 10 жылда елдің бір аумақта тұрақты тұрмауы.

"Конституцияның 51-бабының 4-тармағы бойынша талабы қанағаттандырылмаған. Соңғы 10 жылда еліміздің аумағында тұрақты тұру талабына сәйкес емес", - деп оқып берді журналист өзіне берілген құжатты.

Алайда талабының орындалмауын журналист заңсыз деп санайды. Заң бойынша, кандидат ретінде тіркелетін адам "соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тұруы керек". Думан Мұхамедкәрім кейінгі он жылда "бірнеше өңірде тұрсам да, ел аумағынан кетпегенмін, шетелде тұрмадым" деп, өзінің бір аумақта тұрақтамауын журналистік қызметімен түсіндіреді.

Еске салайық, елімізде 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары кезектен тыс сайланады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

Бұдан бұрын саясаттанушы Санжар Боқаев Мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары