×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Пәкістан мешітінде лаңкес өзін-өзі жарып жіберді

30.01.2023, 16:13
Фото: дереккөзден

Пәкістанның Ауғанстан шекарасына жақын Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, жанкешті түскі намаз кезінде өзін жарып жіберген. Ол кезде мешітте шамамен 250-дей адам болған. Мешіт учаскелік полиция бөлімшесінің жанында орналасқан.

Зардап шеккен 90-нан астам адам ауруханаға жеткізілген,соның ішінде 10 адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары