×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қапшағай тас жолында ауыр жол апаты болып, екі адам қаза тапты

30.01.2023, 18:13
Ашық дереккөз

Алматы облысында тас жолда көлік апатқа ұшырап, іле-шала өртеніп кетті. Оқиға орнында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

30 қаңтарда Қапшағай тас жолының 54 шақырымында Ford Mondeo мен бизнес кластағы Mercedes-Benz соқтығысты. Салдарынан Ford жолдан кюветке ұшып түсіп, өртеніп кетті.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан екі адам опат болды. Ford көлігінің жүргізушісі қалай көз жұмғанын полиция нақтыламады. Ал оқиға куәгерінің айтуынша, ер адам көлігімен бірге өртеніп кеткен.

Mercedes жүргізушісі соққыдан кейін рөлді басқара алмай қалған, көліктің доңғалағы жұлынып кетіп, бірнеше рет жолды бөліп тұратын кедергіге соғылған. Ол жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

Жол апаты

Жол апаты

 

 

 

Қапшағай тас жолы

Жол апаты

 

Серіктес жаңалықтары