×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарақалпақстандағы наразылықтар: Басты айыпталушы 16 жылға сотталды

31.01.2023, 15:51
Қарақалпақстандағы наразылықтар: Басты айыпталушы 16 жылға сотталды
Дәулетмұрат Тәжімұратов

Бұхара соты Қарақалпақстандағы наразылық ісі бойынша 22 айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  "Газета.uz" басылымына сілтеме жасап.

Іс бойынша негізгі айыпталушы – адвокат Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 228,8 миллион сом (20 мың доллар) сомасында шығын төлеуі керек.

Журналист Лолагүл Каллыхановаға 3 жыл сынақ мерзімімен 8 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы берілді. Спортшы Азамат Тұрданов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ахмет Сметуллаев және блогер Азамат Нұратдинов та бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жойды. Олар сот залынан босатылды.

Саламат Қалилаев 3 жылға, Бердах Генжебаев 5 жылға шартты түрде сотталды. Нұрлан Сұлтамұратов 3 жылға, Полат Нұрниязов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 шілдесінде Нүкіс, Мойнақ және тағы да бірнеше қалада Қарақалпақстанның егеменді мәртебесін жоятын конституциялық түзетулерге қарсы наразылықтар басталды. Бірақ билік демонстрацияларды билікті басып алу әрекеті ретінде қарастырды және акцияларға қатысушыларға көзден жас ағызатын газ, резеңке оқтар мен түтін бомбаларын қолданды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, наразылық білдірушілерді тарату нәтижесінде 21 адам қаза тапты. Барлығы 243 адам жарақат алды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Нүкіске сапарынан кейін Өзбекстан Парламенті Қарақалпақстанның егемендігі туралы бапты Конституцияға енгізілген түзетулер жобасынан алып тастады.