×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Самұрық-Қазынаға" жұмысқа тұрғызып берем": Ұлттық кітапхана заңгері алаяқтығы үшін сотталды

01.02.2023, 11:44
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық кітапхананың заңгері "Самұрық-Қазына" қорының есептен шығарылған көліктеріне қатысты алаяқтық ісі бойынша сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

"2023 жылғы 26 қаңтарда Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты алаяқтық фактісі бойынша М.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағының 4-тармақшасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген сот қаулысында.

Соттың мәліметінше, Ұлттық кітапхананың заңгері жәбірленушілерге нарықтан төмен құны бойынша есептен шығарылған автомобильдерді сатып алуға көмектесетінін және "Самұрық-Қазынаға" ақыға жұмысқа орналасуға жәрдемдесе алатынын айтқан. 

Келтірілген шығын көлемі – 3,3 млн теңге.

Бұрынғы заңгер өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтеуге уәде берген.

Серіктес жаңалықтары