×
481.54
553.24
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.54
553.24
5.93

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралатынын жариялады

Бүгін, 11:08
Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралатынын жариялады
Фото: Cindy Ord / Getty Images

Әйгілі әнші Селин Дион сирек кездесетін жүйке ауруы – бұлшықет сіресу синдромы диагнозы қойылғаннан кейін алғаш рет сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді. Ол осы күзде Парижде өтетін концерттер сериясын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПАРИЖДЕГІ ШОУ 

«Грэмми» сыйлығының иегері Париждегі La Défense Arena аренасында 12 қыркүйек пен 14 қазан аралығында 10 концерт өткізуді жоспарлап отыр. Бұл әншінің 2022 жылы сырқаты туралы жариялағаннан кейінгі көпжылдық үзілістен кейінгі маңызды қадамы.

ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС

58 жасқа толған күні Эйфель мұнарасы маңында түсірілген әсерлі видеоүндеуінде Дион жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, ол өзін «күшті» сезінеді және сахнаға қайта оралуға қатты толқып отыр.

- Кейінгі бірнеше жыл бойы күн сайын сендердің қолдауларыңды сезіндім. Биыл сендермен қайта кездесіп, Парижде өнер көрсету мүмкіндігі туғанына қуаныштымын, – деді әнші.

ЖАҢА ШОУ БАҒДАРЛАМА

«Celine Dion Paris 2026» атты концерттік бағдарлама аясында әнші ағылшын және француз тілдеріндегі танымал хиттерін орындайды. Жобаны дайындау креативті директор Вилло Перронмен бірлесіп жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары