×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Алматыда элиталық балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрып-соққан

01.02.2023, 19:38
Ашық дереккөз

Алматыда элиталық балабақшаның тәрбиешісі ұл баланы ұрып-соғып, буллинг жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дереккөзге сенсек, алматылық келіншек осы редакцияға хабарласып, қаладағы элиталық балабақша саналатын мекеменің тәрбиешісі баласына буллинг жасағанын айтқан. Сөзінің дәлелі ретінде ол редакцияға бейнебақылау камерасы жазған бейнежазбаны ұсынған.

Видеода көрініп тұрғандай, шамамен 5-6 жастағы ұл бала түскі уақытта ұйықтамаған, сол сәтте тәрбиеші оны біресе күштеп төсекке жатқызып, біресе жұлқылап, басқа бөлмеге алып кеткен. Бейнежазбадан баланың қатты жылап жатқанын анық естуге болады.

Ұл баланың анасы осы оқиғаны басқа ата-аналарға ескерту болсын деген ниетпен әлеуметтік желіге жария еттім дейді.

Серіктес жаңалықтары