×
478.77
548.62
5.87
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.77
548.62
5.87

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің бауыры қамауға алынды

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің бауыры қамауға алынды
Фото: Instagram: mvd_official_kg

Қырғызстанда Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің бауыры Шайырбек Ташиев ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

«Қырғыз министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік салық қызметінің материалдары мен аудиторлық тексеру негізінде «Қырғызнефтегаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Шаирбек Ташиев ұсталды», – делінген Қырғызстан ІІМ хабарламасында.

Нақтыланғандай, ұсталған азамат бұған дейін Қырғызстан Парламентінің депутаты қызметін атқарған.

Оның Бішкек қалалық ІІББ Уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды. Сондай-ақ тергеу «Қырғызнефтегаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жүргізіліп жатқаны хабарланды.

КОНТЕКСТ 

Биыл 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті қызметінен босатқан. Оның орнына Сырғақ Бердіқожаев тағайындалған.

Бұл уақытта Ташиев Германияда ем алып жатқан. Ол Жапаровтың бұл шешімін «күтпеген жағдай» деп бағалаған.

Садыр Жапаровтың өзінің ұзақ жылдан бергі саяси серігі  Қамшыбек Ташиевті қызметінен босатқаннан кейін, БАҚ-та екеуінің арасында текетірес жүріп жатқаны туралы айтыла бастады.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев қырғызстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жұрттан кешірім сұраған болатын.

САРАПТАМА 

Президент пен парламент спикеріне жазылған ашық хат, отставка, ұстаулар мен биліктегі екі достың текетіресі. Кейінгі 35 жылда үш рет революция болған Қырғызстан билігінде не болып жатыр? Ұлыс тілшісі осы тақырып аясында сараптама жазған еді. 

Серіктес жаңалықтары