Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз қабылдады. Ол Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әңгіме негізінен екіжақты ынтымақтастық пен алдағы кездесулерге арналды. Тоқаев мамыр айында елордаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келетінін еске салды. Осы сапар аясында тараптар Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысын өткізіп, жаңа келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.
Өз кезегінде Йылмаз премьер-министр Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізгенін айтты. Тараптар экономикалық байланыстарды дамытуға арналған бірлескен жоспар мен жол картасын бекіткен.
Тоқаев пен Йылмаз өнеркәсіп, энергетика, логистика, ауыл шаруашылығы, білім беру және туризм салаларындағы жобаларды да қарастырды. Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай да қозғалды.
Сондай-ақ Қазақстан президенті Анталья қаласында өтетін дипломатиялық форумға қатысуды жоспарлап отырғанын растады.
Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Антальяға барады. Онда 17–19 сәуір аралығында Жерорта теңізі жағалауында Анталия дипломатиялық форумы-ның бесінші сессиясы өтеді. Бұл шара Режеп Тайип Ердоғанның бастамасымен ұйымдастырылып, соңғы бес жылда шағын түрік бастамасынан жаһандық мәселелер тоғысатын маңызды алаңға айналды.