×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Ақорданың батасын алдыңыз ба": "Байтақ" партиясының басшысы не дейді

03.02.2023, 11:38

Байтақ партиясының басшысы Азаматхан Әміртай өзі басшылық ететін партияның тіркелуіне қатысты сыни пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада таяуда ғана тіркелген “Байтақ” партиясының съезі басталды.

Ulysmedia.kz тілшісі партия басшысы Азаматхан Әміртайға ел көкейінде жүрген сауалдарды қойды. “Ақорданың батасын алған деген алыпқашпа сөз еріп жүр соңдарыңыздан. Партияны қалай тіркедіңіздер?” деп сұрады тілшіміз.

“Біз Әділет министрлігіне 8 жыл бойы 18 мәрте өтініш беріп, әрең тіркелдік. Бізге дейін бірнеше партияға құрылтай съезін өткізуге рұқсат берген, алайда олар өткізе алмады. 1,5 мың адаммен съезд өткіздік”, – деді партия басшысы.

Сондай-ақ, Азаматхан Әміртай елде тәуелсіз экологтар жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан экологтарының бәрі не Экология министрлігінде, не “АрселорМиттал Теміртау” секілді ірі кәсіпорындарда жұмыс істейді, яғни әлдекімге бағынышты.

Съезде партия басшысы жаңадан тағайындалған экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Оның айтуынша жаңа министрге "экоблогерсымақтарды жалдаған бизнес өкілдері шабуыл жасап жатыр".

Серіктес жаңалықтары