×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

СҚО-да тұтқынның өлімінен кейін колония бастығы мен қызметкерлері қызметінен қуылды

03.02.2023, 11:41
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында тұтқын өлтірілгеннен кейін колония басшысы мен бірнеше қызметкері жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында бірқатар бұзушылықтар үшін колония басшылары мен қызметкерлері өз лауазымдарынан босатылды. Қараша айында колонияның бір тұтқыны екіншісін өлтіргеннен кейін түбегейлі шаралар қабылданды", - делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.

Құзырлы орган Айыртау ауданы Новокраинка ауылының жанында орналасқан ЕО-164/8 колониясының қызметінде елеулі бұзушылықтарды анықтаған.

2022 жылдың қарашасында аталған колониядағы тұтқындардың бірі екіншісін қасақана өлтіріп, қоғамдық резонанс туды.

Облыс прокуроры орынбасарының айтуынша, бір ғана фактінің өзі мекемедегі тәртіпке жауапты лауазымды тұлғалардың қызметіндегі салғырттықты  көрсетеді. Толық бақылаудың болмауы адамға режимдік күзетілетін объектіде аса ауыр қылмыс жасауға мүмкіндік берді.

Прокуратура бұдан былай мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауды және ведомстволық бақылауды күшейту бойынша бірқатар тиісті, ұйымдастырушылық іс-шараларды қабылдауды талап етті. Нәтижесінде мекеменің екі басшысы, оның ішінде колония бастығы қызметінен босатылды, қалған бес қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне тартылды.

Серіктес жаңалықтары