×
464.73
546.57
6.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.73
546.57
6.19

Қазақстанда 50-ден астам адам қос азаматтықпен жүрген

Бүгін, 10:03
Қазақстанда 50-ден астам адам қос азаматтықпен жүрген
Фото: ЖИ

Қазақстанда жыл басынан бері қос азаматтығы бар ондаған адам анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

257 АДАМ ЕЛДЕН ШЫҒАРЫЛДЫ

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, бірнеше айдың ішінде осындай 52 жағдай анықталған. Соның бірі Новосибирск – Белгород бағытындағы пойызда тіркелді. Тексеру барысында жолаушының шетел азаматтығын алғаны, бірақ оны белгіленген мерзімде хабарламағаны белгілі болды. Оған қатысты хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Сонымен қатар елде көші-қон заңнамасын бұзуға бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері мыңнан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 257 адам Қазақстаннан шығарылды.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Егер азамат басқа елдің төлқұжатын алса, ол автоматты түрде Қазақстан азаматтығынан айырылады. Екінші азаматтықты жасырғаны үшін айыппұл немесе елден шығару жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары