×
464.73
546.57
6.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.73
546.57
6.19

Елден 200 теңгеден жинап, үй алған қыздың оқиғасы талқыға түсті

Бүгін, 16:18
Елден 200 теңгеден жинап, үй алған қыздың оқиғасы талқыға түсті
Фото: ЖИ

Павлодарлық Анастасия Куликтің оқиғасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Ол халыққа "егер 30 мың адам 200 теңгеден жіберсе, пәтер алуға жететін ақша жинар едім деп" бейнеүндеу жариялайды. Балалар үйінен шыққан қыздың тағдырына алаңдаған қазақстандықтар 1 тәулікте бұл қаражатты жинап тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚША СҰРАУҒА НЕ ИТЕРМЕЛЕДІ?

Анастасия өз сөзінде балалар үйінде өскенін, кейін біреулердің алдауына түсіп, баспанасынан айырылып қалғанын айтады. Оның бұл видеосы желіде тез тарап, көпшіліктің назарын аударды. Қолдау білдіргендер де, түрлі пікір айтқандар да көп болды.

Анастасияның айтуынша, небәрі бір тәуліктің ішінде қажетті қаражат толық жиналып, содан кейін ол қаражат жинауды тоқтатқанын жариялаған.

«Мен талай рет жылап алдым… Сіздерді қатты жақсы көремін. Сіздердің арқаларыңызда өзімді ең бақытты адам сезініп тұрмын», – деді ол.

Қазіргі таңда ол пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал баспананы қалай алғаны туралы толық ақпаратты кейінірек бөлісуге уәде берген.

ЖЕЛІДЕГІ МАСЫЛДЫҚ ПА?

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде жаңа тренд пайда болды. Көптеген қазақстандық әйелдер де қысқа видеолар жариялап, оқырмандарынан аз мөлшерде ақша аударуды сұрай бастады.

Желі қолданушылары Анастасияның оқиғасы осындай жаңа форматтың таралуына түрткі болғанын айтып жатыр. Яғни, жеке қаржылай көмек сұрау қысқа әрі эмоцияға құрылған видеолар арқылы, «аз-аздан көп болады» деген есеппен ұсынылуда.

Алайда пікірлер екіге бөлінді. Бірі бұл жағдайды халықтың бір-біріне деген жанашырлығы мен қолдауының көрінісі десе, енді бірі мұндай тәсілдің жаппай көшіріліп, оңай ақша жинаудың құралына айналып бара жатқанын алға тартады.

РЕСЕЙДЕГІ СЦЕНАРИЙ

Дәл осындай оқиға жақында Ресейде де болған. Мәскеулік қыз интернетке видео жариялап, егер 16 мың адам 100 рубльден аударса, тұрғын үй несиесін өтей алатынын айтқан.

Бейнежазба күтпеген жерден кең таралып, миллиондаған қаралым жинады. Нәтижесінде қыздың есепшотына 1,6 миллион рубльден астам қаражат түскен. Ол тікелей эфирде ипотекалық қарызын толық жапқанын көрсетіп, отбасымен халыққа алғыс айтады. 

Серіктес жаңалықтары