×
461.37
542.16
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.37
542.16
6.14

Щучьедегі жойқын жарылысқа қатысы бар жаңа күдіктілер ұсталды

Бүгін, 11:09
Щучьедегі жойқын жарылысқа қатысы бар жаңа күдіктілер ұсталды
Ulysmedia.kz коллажы

Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде болған жарылысқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша жаңа күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құқық қорғау органдары газ құю бекетінің директорын және газ баллондарын жеткізумен айналысқан адамды ұстады.

Бас прокуратураның мәліметінше, олар баллондарды толтыру және жеткізу қызметін көрсету кезінде заң талаптарын бұзды деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, дәл осы заңбұзушылықтар қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Күдіктілердің әрекеті адам өліміне себеп болған қауіпті қызмет көрсету бабы бойынша сараланған. Оларға 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Сот бір күдіктіні қамауға алса, екіншісін үйқамаққа жіберді.

Айта кетейік, кафеде жарылыс 26 ақпанда болған. Басында 7 адамның қаза тапқаны хабарланған, кейін құрбандар саны 12 адамға жетті. Ауыр күйік шалғандар да болды.

Серіктес жаңалықтары