×
464.86
544.03
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.86
544.03
6.14

Үй жануарларын азаптағандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Үй жануарларын азаптағандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК»

Үй жануарларының адамдардан қорлық көруіне жол бермеу керек. Үкімет үй жануарларын дұрыс күтіп-баптамағандарға берілетін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып, ал оларға қатыгездік көрсеткендерге кесілетін қылмыстық жазаны күшейтуі керек. Негізі, қаңғыбас иттер проблемасына азаматтардың немқұрайлылығы себеп: яғни олар бастапқыда жануарларға ықыласы ауып асырағанымен, кейіннен көңілдері қалып, керексіз заттай көшеге тастап кетіп жатады. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу қажет. Сондай-ақ ешқандай «хайпқа» жол бермей, мамандандырылған жануарлар орталықтарының қызметіне қоғамдық бақылау қойған жөн. Бұл іске сіздер де үлес қосасыздар деп ойлаймын. Жалпы, қаңғыбас иттерге қамқорлықпен қарау қоғамның арасына сына қақпауға тиіс, – деді Президент.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АТҚАРЫЛУҒА ТИІС ІСТІҢ БІРІ»

Тоқаевтың айтуынша, бұл проблемаға мемлекет пен жұртшылықтың, нақты айтқанда, заң шығару тұрғысынан Парламенттің араласпасына болмайды.

Өңірлерден алған ақпаратқа сәйкес, балалар, тіпті, ересектер жабайы иттерден жиі зардап шегіп жатыр. Басты мәселе – осы. Сондықтан бұл проблемаға мемлекет пен жұртшылықтың, нақты айтқанда, заң шығару тұрғысынан Парламенттің араласпасына болмайды. Бірақ біз қорғансыз жануарларды жәбірлеген фактілерге де бейжай қарамауымыз керек, атап айтқанда, үй жануарларын азаптағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан дұрыс. Осындай тәсілдер қоршаған ортаға озық әрі жауапты көзқарас қалыптастырады деп ойлаймын. Бұл да «Таза Қазақстан» аясында атқарылуға тиіс істің бірі, – деді Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары