×
460.8
541.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.8
541.21
6.13

71 млн теңгенің арызы: Вадим Борейко сотқа шақырылды

Бүгін, 11:08
71 млн теңгенің арызы: Вадим Борейко сотқа шақырылды
Фото: ашық дереккөзден

Журналист Вадим Борейко құрылыс компаниясы туралы ақпарат таратамын деп дауға қалды. Қазір оның барлық банк есепшоттары бұғатталған. Etude-Ybyrai компаниясы журналисті «жүйелі түрде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратты» деп айыптап, 71 млн теңге талап етіліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

БАНК ШОТТАРЫ БҰҒАТТАЛҒАН

Журналист Вадим Борейко бұл жағдайды банк қосымшаларына кірген кезде кездейсоқ білген. Оның карталары, депозиттері және тіпті зейнетақы шоты да шектелген болып шыққан. Кейін SMS хабарлама келген, ал сот орындаушысынан өзіне қарсы азаматтық талап-арыз берілгенін білген.

Сот орындаушысынан құрылыс компаниясы маған қарсы азаматтық талап-арыз түсіргенін ғана білдім. Ол іс-сапарда болғандықтан, басқа ақпарат бере алмады. Кейін Бостандық аудандық сотынан 19 мамыр күні сағат 15:00-де видеобайланыс арқылы сот өтетіні туралы хабарлама алдым. Талап қоюшы – Бақыт Қасыбаев, Etude-Ybyrai ЖШС-нің сенімхат арқылы өкілі. Бұл компания Алматыдағы 12-шағынауданда орналасқан Premier тұрғын үй кешенін салып жатыр, – деп жазды журналист Facebook парақшасында.

ДАУДЫҢ БАСЫ – ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ 

Etude-Ybyrai компаниясы журналисті «жүйелі түрде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратты» деп айыптайды. Олардың айтуынша, бұл компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, сатылымға әсер еткен. Талап-арыз сомасы – 71 млн теңге.

Ал Вадим Борейко өз кезегінде материалдарын тұрғындардың шағымдары негізінде жасағанын және барлық тарапқа – құрылыс компаниясына, мемлекеттік органдарға, депутаттарға сөз бергенін айтады.

Құрылыс салушы барлық рұқсат құжаттары бар екенін мәлімдеді. Мемлекеттік органдар өкілдері жобалық-сметалық құжаттамаға берілген оң қорытындының күшін жойылғанын, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама тізілімнен алынғанын айтты. Ал құрылыс компаниясы бұл ақпарат ескіргенін, сараптама қайтадан өткенін және құрылысты жалғастыруға кедергі жоқ екенін жеткізді. Репортаж барысында мен өз пікірімді білдіргенім жоқ, тек барлық спикерлерге микрофон ұсындым. Соңында барлығын өз ұстанымдарын арнада жариялауға шақырдым, – дейді ол.

Қазір талап қоюшы осы жарияланымдардан кейін құрылыс уақытша тоқтап, жобаға деген сенім төмендеді деп отыр. Ал бұған «барлық мүдделі тарапқа сөз берген журналист Вадим Борейко кінәлі» деп санайды.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, ақпан айында Вадим Борейконың әлеуметтік желідегі аккаунттары бұзылып, оның атынан үшінші тұлға жазбалар жарияланған болатын.

Борейко – 730 мыңнан астам жазылушысы бар ГИПЕРБОРЕЙ YouTube арнасының авторы.

Серіктес жаңалықтары