×
460.8
541.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.8
541.21
6.13

БАӘ OPEC және OPEC+ құрамынан шығады: мұнай нарығын не күтіп тұр?

Бүгін, 18:21
БАӘ OPEC және OPEC+ құрамынан шығады: мұнай нарығын не күтіп тұр?
фото: ашық дереккөзден

Біріккен Араб Әмірліктері 1 мамырдан бастап ОПЕК пен ОПЕК+ құрамынан шығатынын мәлімдеді. Осылайша мұнай өндіру көлемі бойынша ірі елдердің бірі енді «қара алтынды» ешқандай шектеусіз өндіріп, бағаны өз бетінше белгілеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕГЕ ДӘЛ БҰЛ УАҚЫТ ТАҢДАЛДЫ?

Энергетика министрі Сухейль әл-Мазруи Reuters агенттігіне бұл шешім мұнай және энергетика саласындағы стратегияны қайта қарау нәтижесінде қабылданғанын айтты.

Министрдің сөзінше, уақыттың таңдалуы да кездейсоқ емес. Қазірдің өзінде Ормуз бұғазындағы жағдай нарыққа шектеу қойып отыр, сондықтан Әмірліктердің шығуы мұнай бағасына күрт әсер етпеуі тиіс.

Билік өкілдері әлемде энергияға сұраныс арта береді деп болжап отыр және келісімдерден тыс та даму мүмкіндігі бар деп есептейді.

КІМГЕ ТИІМДІ?

Reuters сараптамасына сәйкес, бұл қадам альянс ішіндегі үйлесімділікті әлсіретуі мүмкін. Шешім өңірдегі шиеленіс күшейген тұста қабылданып отыр. Иранмен арадағы жағдай ушығып, энергетикалық күйзеліс туғызды және әлемдік экономикаға қысым күшейді. Соның салдарынан мұнай экспорттау қиындай түсті.

Әлемдегі мұнай мен газ жеткізілімінің шамамен бестен бірі Ормуз бұғазы арқылы өтеді. Қазір бұл бағытта қатынайтын кемелер түрлі қауіп-қатерге тап болып отыр.

Бұл жағдай АҚШ президенті Дональд Трампқа тиімді болуы мүмкін. Ол бұрыннан бері ОПЕК-ті мұнай бағасын жоғары ұстап, нарыққа қысым жасайды деп сынға алып келеді. Трамп АҚШ Парсы шығанағындағы елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырса да, олар мұнай бағасын түсірмей отыр деп айыптаған.

ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Бір ай бұрын ОПЕК+ елдері мамыр айында мұнай өндіру квотасын арттыруға келіскен болатын. Алайда сарапшылар барлық қатысушы елдер өндірісті шын мәнінде ұлғайта алмауы мүмкін екенін ескерткен. Бұған, ең алдымен, инфрақұрылымның зақымдануы әсер етуде.

Бұл, әсіресе, Парсы шығанағындағы елдерге қатысты. Белгілі бір деңгейде Қазақстанға да әсері болуы мүмкін, өйткені өткен жылдың соңында Каспий құбыр консорциумы терминалына жасалған дрон шабуылынан кейін экспорттық мүмкіндіктер шектелген. 

Серіктес жаңалықтары