×
457.21
534.62
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
457.21
534.62
6.08

Алагөзова Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге төлейтін болды

Бүгін, 08:52
Алагөзова Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге төлейтін болды
Ulysmedia.kz коллажы

Белгілі продюсер Баян Алагөзова қоғамда үлкен резонанс тудырған «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты жоспарын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАМЗОЛДЫҢ ТАҒДЫРЫН КІМ ШЕШЕДІ?

Қамзолды тағы да киіп көрсеткен продюсер оның қазір қауіпсіз сақтаулы тұрғанын айтты.

— Бұл бұйым маған оны ұзақ жыл сақтап келген әйелдің сыйы ретінде берілді. Камзолдың алдағы тағдырын халық пен тиісті органдар шешеді. Әзірге ол менде. Уақыты келгенде, әрине, ұлттық құндылықты музейге тапсырамын, — деді ол.

Сондай-ақ Алагөзова фильмде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешеваға үндеу жасап, ризашылық белгісі ретінде оған тон сыйлағысы келетінін жеткізді. Сондай-ақ, продюсер өнер иесіне ай сайын 1 миллион теңгеден тұрақты түрде төлеп тұруға уәде берді.

— Меруерт апай, сізге шағын сыйлығым — тонды табыстағым келеді, ұнайды деп үміттенемін. Сонымен қатар өз атымнан және жолдасымның атынан ай сайын өмір бойы 1 миллион теңге көлемінде алғыс ретінде төлем жасап тұруды жөн көріп отырмын, — деді продюсер.

ДАУҒА АЙНАЛҒАН БҰЙЫМ

Айта кетейік, әйгілі Қыз Жібек фильміндегі камзол кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың жұбайы Баян Алагөзованың қолына түсуі үлкен дау тудырды. Ол бұл бұйымды Instagram желісіндегі парақшасында көрсетіп, ұмыт болған киімді көзінің қарашығындай сақтаған әйелден алғанын айтты.

Кейін Мәдениет министрлігі «Қазақфильм» қорында камзолдың бір түпнұсқасы ұлттық мұра ретінде сақтаулы екенін хабарлады. Сондай-ақ тағы бір дананың қалайша жеке адамның қолына өткенін анықтау мәселесі көтерілген. Бұған жауап ретінде Алагөзова бұл камзол ұзақ уақыт ешкімнің назарында болмағанын, тек өзіне өткеннен кейін ғана талқылау басталғанын айтқан.

Ал бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова продюсерден ұлттық мұраға жататын бұйымды музейге тапсыруды сұраған.

Серіктес жаңалықтары