×
457.21
534.62
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
457.21
534.62
6.08

«Президент туралы» заңға өзгерістер енгізіледі

Бүгін, 10:28
«Президент туралы» заңға өзгерістер енгізіледі
фото: Ақорда

Мәжіліс бірқатар конституциялық заңдарға, соның ішінде «Президент туралы», «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» және өзге де заңдарға өзгерістер енгізу мәселесін қарастыра бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ ЗАҢДАР ҚАБЫЛДАНАДЫ?

2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция қабылдануына байланысты парламент қолданыстағы заңдарға өзгеріс енгізу және жаңа конституциялық заңдарды қабылдау мәселесін талқылауға кірісті. Солардың қатарында «Президент туралы» заңға да түзетулер енгізу жоспарланып отыр.

“Заң жобасы Қазақстан Республикасының Президенті мен вице-президентінің құқықтық мәртебесін айқындайды. Құжат 8 тарау мен 43 баптан тұрады”, – дейді депутат Снежанна Имашева.

Сонымен қатар депутаттар «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заң жобаларын да жұмысқа қабылдады.

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

Еске салайық, 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум нәтижесі бойынша Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды. Бұдан былай Қазақстанда екі палаталы парламенттің орнына жаңа парламент – Құрылтай құрылады және вице-президент лауазымы пайда болады.

Бұдан бұрын Қазақстанда Құрылтай сайлау қашан өтетіні және вице-президент қашан сайланатыны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары