×
461.55
540.38
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.55
540.38
6.15

Бабақұмаровтың өлімі: айыпталушы 11 жылға сотталды

Бүгін, 15:03
Бабақұмаровтың өлімі: айыпталушы 11 жылға сотталды
Ulysmedia.kz коллажы

Астана қалалық соты Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары, белгілі мемлекет қайраткері Ержан Бабақұмаровты өлімі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Айыпталушы Ербол Қаукетай 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

СОТ ЖАБЫҚ ӨТТІ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, сот актісі 2026 жылғы 20 ақпанда шығарылып, заңды күшіне енген. Сотталушы Ержан Бабақұмаровты өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

– Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді, – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Негізгі сот процесі жабық режимде өтті. Сондықтан сотта іс бойынша толық мәліметтер жарияланбады.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Белгілі экс-шенеунік өмірімен 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні елордадағы «Millennium Park» тұрғын үй кешенінде қоштасты.

Тергеу нұсқасы бойынша, сол түні Ержан Бабақұмаров күдікті Ербол Қаукетаймен бірге пәтерде болған. Екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, ол тез арада төбелеске ұласқан.

Жанжал барысында Бабақұмаров бірнеше ауыр соққы алып, есінен танған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оны аман алып қала алмады, дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді.

ЕРЖАН БАБАҚҰМАРОВ КІМ?

Ержан Бабақұмаров – Қазақстандағы белгілі саяси қайраткер, ұзақ жылдар бойы мемлекеттік құрылымдарда жауапты қызметтер атқарған.

Ол еңбек жолын 2004 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінде бас инспектор ретінде бастаған.

2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат вице-министрі, кейін осы министрліктің жауапты хатшысы болды.

2008-2012 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің (ОКҚ) директоры болып тағайындалып, бұл қызметте төрт жыл жұмыс істеді.

2016 жылы қайтадан Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болды. 2018–2019 жылдары Президент Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығын басқарды.

2019 жылы қысқа уақыт Президенттің кеңесшісі болып, кейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне ауысты. Бұл қызметте 2022 жылдың басына дейін жұмыс істеді.

Мансабындағы соңғы кезеңдердің бірі - 2022 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін Орталық коммуникациялар қызметін қайта басқаруы болды.

Серіктес жаңалықтары