×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Бейбіт заманның қадірін білетін елміз – Тоқаев

Бүгін, 08:14
Бейбіт заманның қадірін білетін елміз – Тоқаев
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президенттің айтуынша, бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам.  Бірлік күні халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі, отаншылдығы мен перзенттік сүйіспеншілігі кеңінен дәріптеледі.

“Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік. Дана халқымыз «Татулық – таусылмас бақыт» деп бекер айтпаған. Біз – бейбіт заманның қадірін білетін, айналасына жанашырлықпен қарайтын, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын елміз. Бұл – біртұтас ұлтымыздың болмысына тән қасиет. Біз осы бірегей дәстүрді көздің қарашығындай сақтап қалуымыз керек”, – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттары жаңа Конституцияның преамбуласында нақты көрсетілгенін атап өтті.

“Бұл – Қазақстан халқының саналы түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы еліміздегі ауқымды жаңғыру үдерісінің арқауы ретінде осы биік мақсатқа жетуімізге кепіл болмақ”, – деді президент.

Мемлекет басшысы бір ел болып жұмылып, өсіп-өркендеу жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары