×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Елге автобусқа отырыңдар деген министр мінген көлік құны - 40 млн теңге

04.02.2023, 12:26
Ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменованың қандай көлікпен жүретіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

 

32 жастағы жаңа министрдің қызметтік көлігі де жаңа болып шықты. Ол — Kia K9.

"Жаңа министрдің көлігі 2023 жылдың 9 қаңтарында алынған. Иә, ол тағайындалғанға дейін сатып алуға тапсырыс берілген. Бірақ министр бас тартқан жоқ (мысалы, Бағдат Мусин мен Марат Бекетаев кезінде мұндай қымбат көліктен бас тартты). Көліктің жақсы екеніне дау жоқ. Құрметті министр ханым! Қоғамдық көлікке отырудың экологиялық пайдасы зор екенін көрсетуді өзіңізден бастасаңыз дұрыс болар еді", - деп жазды mysastanacity.

Қазақстанда соңғы нарықтағы бағаларға сәйкес, Kia K9 құны 40 миллион теңге көлемінде.

Еске салайық, бұған дейін министр Астана тұрғындарын қоғамдық көлікке көшкені дұрыс деген болатын.

Серіктес жаңалықтары