×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

«Бұл – нонсенс»: заңгер 2-3 әйел алғандардың жазаланбайтыны жайлы

Бүгін, 09:02
«Бұл – нонсенс»: заңгер 2-3 әйел алғандардың жазаланбайтыны жайлы
фото: ЖИ/Ulysmedia.kz

Жуырда қолданысқа енетін жаңа Конституцияда діни некелер, дәстүрлі емес одақтар елімізде мойындалмайтыны нақты жазылған. Бұл туралы Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.k

КОНСТИТУЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Заңгердің айтуынша, Ата Заңға қарапайым халықтың өмірін оң арнаға бұратын нормалар енгізілген. Солардың бірі – неке және отбасы мәселелеріне қатысты даулы сұрақтарға жауап беретін бап.

– Ер мен әйелдің арасындағы неке – тең, ерікті және мемлекетпен тіркелген одақ деп бекітілді. Былай қарасаң, бәрі түсінікті болып көрінуі мүмкін. Бірақ оның ар жағында біржыныстылардың некесі, тоқал алу, 2-3 әйел алу немесе заңсыз некеде болу мәселелеріне қатысты нақты шешім қабылданып, олардың бәрі Конституциядан тыс екені бекітілді. Яғни, бір ер мен бір әйелдің арасындағы одақ қана мойындалатыны нақты жазылды. Және ол неке мешітте немесе шіркеуде емес, Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелуі тиіс екендігі тайға таңба басқандай көрсетілді, – дейді Мәди Мырзағараев. 

Десе де, маман көп әйел алғандарға жаза қарастырылмағанын атап өтті.

– Жасалғаны – тоғыз, жасалмағаны – тоқсан тоғыз. Конституцияда көп әйел алудың заңға қайшы екені жазылғанымен, бізде 2-3 әйел алғандарға жаза жоқ. Заңда болмайды деп жазылып тұр, бірақ ол талапты бұзғандар жазаланбайды. Бұл – нонсенс. Болашақта тиісті нормалар қабылданады деп ойлаймын. Кезінде Кеңес Одағы тұсында ондай нормалар болған. Көп әйел алу қудаланып, жаза кесілген. Қазір ондай бап жоқ. Оны алып тастады. Бірақ Конституция жүзінде бекітілуі  алғашқы қадам деп ойлаймын, – дейді заңгер Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында.

АЗАМАТТЫҚ НЕКЕЛЕРГЕ ТЫЙЫМ

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков елімізде азаматтық некелерге тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан.

–  Меніңше, Конституция күшіне енгеннен кейін қабылданатын заңдарда бұл мәселелер міндетті түрде қарастырылады.  Неке және отбасы туралы заңда азаматтық неке деген мәселе қалып қойған. Соны алып тастау керек. Сонда некесіз туған бала деген болмайды. Конституцияда жазылғандай ресми бір неке ғана құрып, заңды өмір сүру қажет, – деді ол.

КӨП ӘЙЕЛ АЛУДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР

Айта кетейік, бұдан бұрын белгілі продюсер Баян Алагөзова желіде көп әйел алуды насихаттаған блогер Диас Ахметовті жазалауды сұраған. Instagram-да 3 миллионға жуық қаралым жинаған видеода блогер ер мен ердің, әйел мен әйелдің одағын «харам» деп, ал ер мен екі немесе одан да көп әйелдің некесін «халал» деп көрсеткен.

Сондай-ақ, жуырда журналист Жанар Байсеміздің ислам дінінің өкілі Құрбанәлі Ахметтен алған сұхбаты әлеуметтік желіде дау туғызған. Сұхбатта спикер екінші әйелін қайын атасы «сыйға» бергенін, отбасылық жанжалдан кейін онымен ажырасып, өзінің шәкіртіне үйлендіргенін айтады. Желі қолданушыларының бірі мұны «әйел құқығын таптау, оған тауар есебінде қарау» десе, енді бірі осындай пікір айтуға мінбер ұсынып отырған журналисті сынады. Қоғамдағы резонанстан кейін дін өкілі де, журналист те жауапкершілікке тартылды.

Осы оқиғадан кейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысын қайта қарау қажет екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары