×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстанда «QazVac» вакцинасын шығаратын екінші өндірістік алаң пайда болды

27.09.2021, 14:18
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны вакцина өндіретін екінші алаң болмақ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын — ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі. БҚПҒЗИ «Антиген» алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде «QazVac» шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосқан. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынған.

Биылғы жылдың қыркүйек айында қуаты айына 1 млн дозаға дейін жететін «Антиген» алаңында «QazVac» вакциналарының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды. Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Антиген» ҒӨК «OtarBioPharm» ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген «QazVac» қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.

Серіктес жаңалықтары