×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Астанада ішімдікке әуес жасөспірімдер көбейген

Бүгін, 10:56
Астанада ішімдікке әуес жасөспірімдер көбейген
фото: ашық дереккөзден

Елордада түнгі клубтарда кәмелетке толмағандардың болуы, сондай-ақ ішімдік ішу фактілері және «көңілдендіретін газ» деп аталатын есеңгіреткіш шарлардың сатылуы анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҮШ КЛУБТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Бас прокуратура оқу-ағарту және ішкі істер министрліктерімен бірлесіп, жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерін ерте анықтау және тоқтату мақсатында елордалық үш колледждің базасында «Саналы ұрпақ» жобасын іске қосқанын мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, жүргізілген рейдтік шаралар барысында Астанада түнгі клубтарда кәмелетке толмағандардың болуы, сондай-ақ мас күйде болу фактілері және «көңілдендіретін газ» деп аталатын есеңгіреткіш шарлардың сатылуы анықталды. Нәтижесінде үш түнгі клубтың қызметі тоқтатылған. Сондай-ақ, ҚК-нің 301-бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. 

“Елорданың эксперимент жасалған аудандарында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағандығы үшін (ӘҚтК-нің 127-бабы) ата-аналарды жауапқа тарту фактілері алты есе (17-ден 95-ке) өсті. Қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін (ӘҚтК-нің 440-бабы) әкімшілік жауаптылыққа тартылған жасөспірімдердің саны сегіз есе (5-тен 40-қа) көбейді”, – дейді Бас прокуратура өкілдері.

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫ

Сондай-ақ, девиантты мінез-құлқы бар балаларды полицейлік есепке қою үш есе (102-ден 327-ге) артқан.

“Бұл шаралар оң нәтиже берді.Қазіргі таңда елордада жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттері (-60,6%, 155-тен 61-ге), оның ішінде суицидтер (41-ден 10-ға) екі есе төмендегені белгілі болды. Іске асырылып жатқан тәсілдер кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және қоғамдағы мінез-құлық құндылықтарын нығайтуға бағытталған, бұл саналы, адал және заңды азаматтың үлгісі сияқты - «Адал азамат» идеяларына сәйкес келеді”, – дейді ведомство.

Серіктес жаңалықтары