×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Қазақстан авиациясын америкалық маман басқаратын болды

Бүгін, 12:54
Қазақстан авиациясын америкалық маман басқаратын болды
Фото: ААК

АҚШ азаматы Майкл Дэниел бүгін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның бас атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МАЙКЛ ДЭНИЕЛ КІМ?

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 4 сәуір күні Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Майкл Дэниел келді.

Майкл Дэниелдің авиация саласы бойынша арнайы білімі бар. Ол АҚШ-тағы Эмбри-Риддл аэроғарыш университетін «Аэронавтика» мамандығы бойынша тәмамдаған және азаматтық авиация саласында 40 жылдан астам тәжірибеге ие.

Еңбек жолын АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасында бастап, онда ұшу пайдалану инспекторы, әуе кемелерін сертификаттау жөніндегі маман, ұшу қауіпсіздігі қызметінің басшысы, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар мен саясат бойынша аға менеджер секілді бірқатар маңызды қызметтер атқарған.

FAA-ның Франкфурт, Нью-Йорк және Вашингтон қалаларындағы халықаралық кеңселерінде жұмыс істеген. 2006-2009 жылдары Сингапур мен Бейжіңдегі халықаралық кеңселерін басқарып, шетелдік жөндеу станцияларына бақылау жүргізіп, қауіпсіздік бойынша халықаралық бағалау жұмыстарын жүзеге асырған.

Әр жылдары халықаралық бастамаларға жетекшілік еткен. Атап айтқанда, АТЭС ұйымының көлік және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобына жетекшілік етіп, халықаралық қадағалау және қауіпсіздік бағалау мәселелерін үйлестірген. Сонымен қатар Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) ұзақ жылдар бойы ынтымақтастық орнатқан.

Мамандардың айтуынша, оның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе компанияларын сертификаттау және азаматтық авиациядағы мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту бағытында үлкен халықаралық тәжірибесі бар.

ЖАҢА БАСШЫНЫҢ МІНДЕТІ

Жаңа басшының негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашу.

Біз бұған дейін Қазақстаннан Америкаға тікелей ұшу мәселесі қашан шешілетінін жазғанбыз. Әсіресе студенттер, мигранттар, кәсіпкерлер мен туристер үшін бұл бағыттың маңызы зор. Алайда бүгінде Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстері жоқ.

Серіктес жаңалықтары