×
464.53
543.73
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.53
543.73
6.15

Қамзол дауы: Өтекешова бұйымның тағдырына қатысты пайымын айтты

Бүгін, 08:02
Қамзол дауы: Өтекешова бұйымның тағдырына қатысты пайымын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева продюсер Баян Алагөзованың қолына түскен қамзолға қатысты дау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатында актриса камзолды арнайы іздеп көрмегенін айтты. Оның айтуынша, бұған дейін «Қазақфильм» студиясынан оның қайда кеткенін сұрастырғанымен, қайта құру кезеңінде көптеген зат із-түссіз жоғалған.

Өтекешева бұл бұйымды арада талай жыл өткен соң әлеуметтік желідегі жазбалардан ғана көргенін жеткізді.

Актриса жұрттың реакциясы көбіне теріс болғанын жасырмады. Дегенмен, оның пікірінше, Алагөзованың ешкімді әдейі ренжіту ниеті болмаған.

Сонымен бірге, ол қамзолдың түбінде музейге қойылатынына сенімді: не жеке коллекцияда сақталып, кейін мемлекетке өтеді, не тікелей музей қорына тапсырылады.

ДАУҒА АЙНАЛҒАН БҰЙЫМ

Еске сала кетейік, әйгілі Қыз Жібек фильміндегі қамзолдың кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың жұбайы Баян Алагөзованың қолына түсуі үлкен дау тудырды. Ол бұл бұйымды Instagram желісіндегі парақшасында көрсетіп, ұмыт болған киімді көзінің қарашығындай сақтаған әйелден алғанын айтты.

Кейін Мәдениет министрлігі «Қазақфильм» қорында камзолдың бір түпнұсқасы ұлттық мұра ретінде сақтаулы екенін хабарлады. Сондай-ақ тағы бір дананың қалайша жеке адамның қолына өткенін анықтау мәселесі көтерілген. Бұған жауап ретінде Алагөзова бұл камзол ұзақ уақыт ешкімнің назарында болмағанын, тек өзіне өткеннен кейін ғана талқылау басталғанын айтқан.

Ал бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова продюсерден ұлттық мұраға жататын бұйымды музейге тапсыруды сұраған.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Алагөзова фильмде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешеваға үндеу жасап, ризашылық белгісі ретінде оған тон сыйлағысы келетінін жеткізді. Сондай-ақ, продюсер өнер иесіне ай сайын 1 миллион теңгеден тұрақты түрде төлеп тұруға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары