Былтыр елімізде жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
РЕСМИ ЕСЕП
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% өсіп, 4,1 млн тоннаны құраған. Мамандар сұрыпталған қалдықтар көлемі де өскенін айтады: 2024 жылмен салыстырғанда 16,3% артып, 1,5 млн тоннаға жеткен.
ҚАНДАЙ ҚАЛДЫҚТАР СҰРЫПТАЛДЫ?
Сұрыпталған қалдықтар құрылымында макулатура мен картонның үлесі 9,4%, пластиктің үлесі 9% болды.
“Өңірлер бөлінісінде сұрыпталған қалдықтар көлемі бойынша көшбасшылықты Алматы қаласы сақтап отыр - 409,3 мың тонна. Көшбасшылар қатарында Астана қаласы - 377 мың тонна және Қарағанды облысы - 243,9 мың тонна бар”, – дейді статистикалық бюро хабарламасында.
САЛАДА ҚАНША КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
2025 жылдың қорытындысы бойынша елде коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын 846 кәсіпорын, сондай-ақ оларды сұрыптау, кәдеге жарату және көму жұмыстарын жүзеге асыратын 278 ұйым жұмыс істейді.