×
464.53
543.73
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.53
543.73
6.15

Жамбылда балалардың спорт үйірмелері тек қағаз жүзінде жұмыс істеген

Бүгін, 16:02
Жамбылда балалардың спорт үйірмелері тек қағаз жүзінде жұмыс істеген
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысының сотында спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығының екі кәсіпкерден негізсіз аударылған бюджет қаражатын қайтару туралы азаматтық ісі қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕКСЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар балаларға арналған тегін спорт секцияларын ұйымдастыру қызметін көрсету бойынша келісімшарттар жасаған.

Прокурорлық тексеріс пен мемлекеттік аудит нәтижесінде жауапкерлердің балаларға көрсетілмеген қызмет үшін бюджеттен заңсыз қаражат алғаны анықталған. Бұзушылықтар спорт секцияларына қатысуды жалған көрсету және электронды журналдарға шындыққа сәйкес келмейтін деректер енгізу арқылы орын алған.

ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕН, БІРАҚ САБАҚ ӨТІЛМЕГЕН

“Сотта келушілер туралы мәліметтердің бір бөлігі қызмет көрсетушілер тарапынан жойылғаны расталды. Бұл жағдайда қызмет көрсетушілердің тек өздерінде ғана деректерді жоюға мүмкіндік болған, бұл үшінші тараптардың араласуын немесе жүйенің техникалық бұзылуын жоққа шығарады. Қалпына келтірілген мәліметтер мен куәлердің айғақтары бірқатар балалардың бюджеттен төленген төлемге қарамастан сабаққа (каратэ, бокс, таэквондо және күрес) қатыспағанын растады”, – делінген сот хабарламасында.

Сот шешімімен бір кәсіпкерден мемлекет пайдасына 1 миллион теңгеден астам қаржы, екіншісінен 205 мың теңге және мемлекеттік баж өндіріп алынды.

Серіктес жаңалықтары