Өскемендегі "Қазцинк" зауытындағы жарылыс салдарынан қаза тапқан және зардап шеккен жұмысшылар жайлы деректер тарай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕКІ ЖҰМЫСШЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Ulysmedia.kz редакциясының дереккөзі төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің есімдерін хабарлады.
Қаза тапқандар:
Жарақат алғандар:
АРТЫНДА ЕКІ ҚЫЗЫ ҚАЛҒАН ӘКЕ
Sib.fm порталы жарылыста қаза тапқан зауыт жұмысшысы Олжас Рамазанов жайлы деректер жариялады. Порталдың жазуынша, ол – ШҚО тумасы, 43 жаста болған. Артында екі қызы қалған.
Жақындары мен әріптестерінің айтуынша, Олжас жауапты қызметкер ғана емес, сонымен қатар қамқор, сүйікті әке болған. Ол екі қызымен жиі уақыт өткізіп, олардың тәрбиесі мен бос уақытына ерекше көңіл бөлген.
"Ол үлгілі әке болды. Жұмыстан кейін де қыздарына әрдайым уақыт табатын. Оның енді жоқ екеніне әлі де сене алмаймыз", – деді қаза тапқан адамның жақындары.
ЖАРЫЛЫС
Еске салайық, бүгін, 5 мамырда Өскемен қаласындағы "Қазцинк" зауыты аумағында жарылыс болды. Куәгерлер алдымен қатты жарылысты естіген, содан кейін нысаннан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлаған. Алдын ала дерек бойынша, оқиға түтін сорғыш құрылғысын тазалау кезінде болған.
— Бүгін таңертең Өскемен металлургиялық алаңы аумағында штаттан тыс жағдай тіркелді. Түтін сорғышты тазалау жұмыстары барысында жарылыс болып, артынан өрт шығып, кейбір құрылымдар қирады. Салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды, — делінген “Қазцинк” хабарламасында.

фото: әлеуметтік желіден
Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жалпы тоғыз адам жарақат алған. Екеуінің жағдайы ауыр. Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Кәсіпорында арнайы комиссия құрылып, оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтамақ.
Сондай-ақ, полиция төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.