×
464.53
543.73
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.53
543.73
6.15

Өскемендегі жарылыс: экологтар тексеріс нәтижесін жариялады

Бүгін, 14:31
Өскемендегі жарылыс: экологтар тексеріс нәтижесін жариялады
Depositphotos.com

Өскеменде "Қазцинк" зауытында болған оқиғадан кейін тұрғындарды экологиялық қауіпсіздік мәселесі алаңдаушылық білдірді. Мамандар қажетті тексерістер жүргізіп, жағдайға баға берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ

ШҚО экология департаментінің мәліметінше, мамандар оқиға орнында жұмыс істеп, қоршаған ортаның жай-күйін және болған жағдайдың халық денсаулығына ықпалын бағалаған.

— Қажетті талдаулар мен өлшеулер жүргізілді. Нәтижесінде рұқсат етілген шектен сәл ғана асу тіркелді, алайда қауіпті ластаушы заттар анықталған жоқ. Яғни бұл ауытқулар ірі көлемдегі зиянды шығарындылармен байланысты емес және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, — деп хабарлады Өскемен экологтары.

Тексеру қорытындысы бойынша халыққа қауіп жоқ деген тұжырым жасалды. Осыған байланысты қосымша шектеу шараларын енгізілмейтіні хабарланды.

Алдағы уақытта экологиялық ахуалды бақылау жалғасады. Мамандар өндірістік нысандардағы мұндай оқиғалардан кейін ауа сапасы мен қоршаған ортаға бақылау күшейтілетінін атап өтті.

ЖАРЫЛЫС

Еске салайық, бүгін, 5 мамырда Өскемен қаласындағы "Қазцинк" зауыты аумағында жарылыс болды. Куәгерлер алдымен қатты жарылысты естіген, содан кейін нысаннан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлаған.

Төтенше жағдайдан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары