×
465.01
543.55
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.01
543.55
6.15

Ақтөбе облысында әкім өз-өзіне қол салды

Бүгін, 13:57
Ақтөбе облысында әкім өз-өзіне қол салды
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанов өз-өзіне қол жұмсады. 43 жастағы шенеуніктің денесі өз үйінен табылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов соңғы апталарда Серікжановтың ем қабылдап жүргенін және жұмыстан кетуді жоспарлағанын айтты.

– Бұған дейін әріптесіміз еңбек демалысында болды, кейін емделді. 4 мамыр күні келіп: «Ауырып жүрмін, енді жұмысқа шықпаймын» деді. Біз оған ойлануға уақыт бердік. Оны жақсы танитынбыз, жақсы әріптес болды, – деді Жақсылықов.

Қуанышбек Серікжанов Кеңқияқ ауылдық округі әкімі қызметіне 2023 жылдың қазан айында тағайындалған. Мемлекеттік қызметте 2014 жылдан бері жұмыс істеген. Артында төрт баласы қалды.

КОНТЕКСТ

Темір ауданында соңғы айларда бұл – екінші осындай жағдай. 2025 жылдың желтоқсанында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің қайтыс болғаны белгілі болды. Ол кезде де шенеуніктің өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған еді.

Автор: Ардақ Ерубаева

Серіктес жаңалықтары