Астанада жаңа «Әділет» партиясының құрылтай съезі өтіп жатыр. Саяси ұйым ресми тіркеудің келесі кезеңіне өтіп, алғашқы алты күнде 8 мыңнан астам адамнан мүшелікке өтініш қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада жаңа «Әділет» партиясының құрылтай съезі басталды.Іс-шараға Қазақстанға танымал көптеген тұлғалар қатысып жатыр.
Осы кезеңнен кейін саяси бірлестік ресми тіркеу үдерісін жалғастыра алады. Залда «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин мен Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Айбек Дәдебай байқалды.
КОНТЕКСТ
Партияның құрылғаны туралы бастамашыл топ 15 сәуірде мәлімдеген болатын. Оның құрамына кәсіпкерлер, журналистер, қоғам белсенділері мен сарапшылар енді. Партияны құрушылар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және жаңа Конституция қағидаттарына сүйенуді мақсат ететінін айтты.
Бір апта бұрын бастамашыл топ тіркеудің келесі кезеңіне – құрылтай съезін өткізуге мүмкіндік беретін құжат алған.
30 сәуірде партия өз цифрлық платформасын іске қосты. Сайт арқылы партия қатарына өтуге өтініш беруге, қатысушылар санын бақылауға және ұсыныстар енгізуге болады.
«Әділет» партиясының мәліметінше, платформаның алғашқы алты күнінде мүшелікке 8 мыңнан астам өтініш түскен. Сондай-ақ ұйымдастыру комитеті елдің әр өңірінде кемінде 200 жақтаушы бар екенін мәлімдеді.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, саяси партияны тіркеу үшін кемінде 5 мың жақтаушы жиналуы керек. Сонымен қатар әр облыс пен республикалық маңызы бар қалада кемінде 200 адамнан болуы қажет.