×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Мәскеудегі парадта түсірілген бірегей кадрлар көрсетілді

Бүгін, 15:05
Мәскеудегі парадта түсірілген бірегей кадрлар көрсетілді
фото: Ақорда

Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге қатысу сәті таспаланған суреттерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шеруден кейін Қазақстан президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.

Еске салайық, салтанатты жиында сөз сөйлеген Владимир Путин Жеңіс күнін оны «қасиетті әрі ең басты мереке» деп атады. Оның айтуынша, Ресей «Жеңіс сарбаздарының аманатына және мұрасына адал».

Сондай-ақ Путин кеңес халқы «гитлерлік Германия алдында тізе бүккен елдердің егемендігін қайта қалпына келтірді» деп мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары