×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Президент Нұрлыбек Нәлібаевқа үш бағыт бойынша міндет жүктеді

Бүгін, 14:07
Президент Нұрлыбек Нәлібаевқа үш бағыт бойынша міндет жүктеді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ ТАПСЫРМА БЕРДІ?

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды.

– Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды,– деп жазды Ақорда. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызметінен босатылып, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жазғанбыз.Осы тұста әлеуметтік желіде оны мақтаған жазбалар көбейді. Бір қызығы бұл жазбалар бір-біріне өте ұқсас. Қазақстанда саяси науқан кезінде немесе қандай да бір оқиғаға қатысты «жағымды» жазба жариялау науқаны бұған дейін де  болған.

Серіктес жаңалықтары