×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Израильде алпыс мыңға жуық адам үкіметке қарсы наразылыққа шықты

05.02.2023, 13:41
Ашық дереккөз

Израильде 4 ақпанда президент Нетаньяхудың реформаларына наразы 60 мыңға жуық адам үкіметке қарсы акцияға қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ең үлкен демонстрация сенбіде кешке Тель-Авивте, қаланың шығысындағы үкіметтік ғимараттар кешені маңында өткен.

The Times of Israe ақпаратына сүйенсек, демонстрация тек Тель-Авивте емес, Израильдің басқа қалаларында да өткен.

Наразылық Биньямин Нетаньяху үкіметінің жаңашылдықтарына қарсы бағытталған. Реформа бойынша Израильдің жоғарғы әділет сотының үкіметтің шешімдеріне қатысты өкілеттігі шектеледі, ал үкімет судьяларды іріктеуді бақылауға алады.

Айта кетейік, наразылықтар қаңтардың басынан бастап өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары