×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Қауіпсіздік бәрінен маңызды: Тоқаев пен Ердоған қорғанысты қалай күшейтпек?

Бүгін, 17:12
Қауіпсіздік бәрінен маңызды: Тоқаев пен Ердоған қорғанысты қалай күшейтпек?
фото: Ақорда

Жаһанды белгісіздік пен тұрақсыздық жайлаған тұста қауіпсіздік мәселесінің өзектілігі артты . Осы орайда сарпашылар Түркия мен Қазақстанның қорғаныс саласындағы ортақ жобаларының әлеуетін жоғары бағалайды. Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу бұл бағыттағы қарым-қатынас әрі қарай қалай өрбитінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕЛШІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Түркия елшісінің айтуынша, қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібі және қорғаныс саласындағы ынтымақтастық – екіжақты қатынастардың маңызды бағыттарының бірі.

– Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері біз осы салалар бойынша өзара ынтымақтастықты кезең-кезеңімен нығайтып келеміз. Бүгінде қол жеткізілген деңгей тұрғысынан алғанда, әрине, алдымызда әлеуеті жоғары маңызды мүмкіндіктер бар және оларды тиімді пайдалануға ұмтылатын боламыз. Қазіргі таңда қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымыз өзара көңіл толарлық деңгейде. Қазақстанмен бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізіп келеміз. Сонымен қатар, қорғаныс өнеркәсібі саласында да маңызы бар бірқатар ортақ жобалар  жүзеге асырылып келеді, – дейді Мұстафа Капуджу.

Дипломат Түркия 1970-жылдардан бері өз ұлттық қорғаныс өнеркәсібін жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

– Соңғы 20-25 жыл ішінде бұл салада айтарлықтай маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Түркия бүгінде қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін экспорттау көлемі бойынша әлемдегі жетекші 11 елдің қатарына енді. Әлемдік алпауыттар мен ірі державаларды ескерсек, Түркияның бұл деңгейге қысқа мерзім ішінде қарқынды әрі табысты түрде жеткенін айтуға болады, – деді ол.

Алайда Мұстафа Капуджудың сөзінше, қорғаныс өнеркәсібі – ұзақ жылдар бойы жүйелі еңбекті талап ететін сала.

–  Бүгінгі күннің шарттарында технологиялық артықшылықты қамтамасыз ету мен заманауи өнімдер әзірлеу мемлекеттер үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды міндетке айналды. Қазақстанның өзінің ұлттық қорғаныс өнеркәсібін қалыптастыруға бағытталған саясатын қолдаймыз. Қазақстанның өз аумағында өндірілетін қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне ие болуын  стратегиялық тұрғыдан аса маңызды әрі көреген қадам деп бағалаймыз. Біз қауіпсіздік пен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастыққа тек коммерциялық тұрғыдан қарамаймыз. Бауырлас әрі достас мемлекеттердің Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы тәжірибесі мен технологиялық мүмкіндіктерін пайдалануына ешқандай шектеу қоймаймыз. Бұл бағытта бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға да мүмкіндік бар, – деді елші. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘСКЕРИ ҚУАТЫ

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан әскери шығын көлемі бойынша Орталық Азия елдерінің арасында көш бастаған. Global Firepower рейтингіне сәйкес, ел бір тұрғынға шаққанда қорғаныс саласына жылына шамамен 284 доллар жұмсайды. Сонымен қатар, Қазақстан әлемдік әскери қуат рейтингінде 58-орнын сақтап қалды.

2026 жылғы дерекке сәйкес, Қазақстанның әскери қуат индексі – PwrIndx 1.0433 деңгейінде бағаланды. Бұл көрсеткіш нөлге неғұрлым жақын болған сайын, мемлекеттің әскери әлеуеті соғұрлым жоғары деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары