×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Kaspi.kz үшінші мәрте Oyu Fest-тің бас серіктесі атанды

Бүгін, 17:50
Kaspi.kz үшінші мәрте Oyu Fest-тің бас серіктесі атанды
KASPI.KZ

Қазақстандық заманауи музыканың басты фестивальдерінің бірі — OYU Fest 4-5 шілде күндері Алматыда өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Kaspi.kz үшінші жыл қатарынан Қазақстандағы заманауи музыканың ірі фестивальдерінің бірі — OYU Fest-тің бас серіктесі болады. Фестиваль 4-5 шілде күндері Алматыдағы «Первомайские пруды» демалыс саябағында өтеді.

ФЕСТИВАЛЬГЕ КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?

Бағдарламада танымал жас орындаушылар, қазақстандық сахнадағы жаңа есімдер және әзірге есімдері құпия сақталған екі хедлайнер өнер көрсетеді.

Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе:

– Бүгінде заманауи қазақ музыкасын Қазақстанда ғана емес, шетелде де миллиондаған адам тыңдап, жақсы көреді. Бұл жетістікте талантты орындаушылардың үлкен сахнаға шығуына, ал көрермендердің жаңа есімдерді тануына мүмкіндік беріп жүрген OYU жобасының үлесі зор. Біз бірнеше жылдан бері OYU Fest фестивалін қуана қолдап келеміз және заманауи қазақ музыкасына қызығушылықтың қарқынды өсіп жатқанына қуаныштымыз. Баршаңызды фестивальге шақырамыз және жарқын эмоция, сапалы музыка мен жаңа әсер тілейміз! – деді.

Былтыр OYU Fest Алматы мен Астанада 25 мың көрермен жинаған. Бес жыл ішінде фестиваль сахнасында Ninety One, Ирина Кайратовна, Қайрат Нұртас, Alem, Shiza, Yenlik, Dudeontheguitar, Daiynball, ALPHA, Дос-Мұқасан, Moldanazar, Ayau, Dequine және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.

БИЛЕТ ҚАЙДА САТЫЛАДЫ?

OYU Fest 2026 фестиваліне билеттерді Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi Travel сервисі арқылы сатып алуға болады. 12 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлерге және І, ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға кіру тегін.

KASPI.KZ ТУРАЛЫ

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жеңілдететін инновациялық өнімдер мен сервистер жасау. Қазір компания сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлем, электронды сауда, онлайн-супермаркет, финтех, саяхат, хабарландыру, мемлекеттік қызметтер және күнделікті өзге де сервистерді біріктіреді. Түркияда компания Hepsiburada платформасына иелік етеді.

Серіктес жаңалықтары