×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік әуежайда ойран салды

Бүгін, 08:17
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік әуежайда ойран салды
фото: ашық дереккөзден

Алматы әуежайында ішімдік ішкен шетел азаматы жанжал шығарып, шыны витринаны сындырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, Алматы – Франкфурт бағыты бойынша ұшатын рейстің мас күйдегі жолаушысы әуежайда шу шығарып, тәртіп бұзған.

Белгілі болғандай, ер адам өзін агрессивті ұстап, айналасындағыларға балағат сөздер айтқан. Кейін шыны витринаны ұрып, салдарынан әйнек сынықтары жанында тұрған бюро қызметкерлерінің үстіне құлаған.

Оқиға әуежайдың екінші қабатында болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

ҚАЙ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ?

Тәртіп бұзған азамат мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оның Қазақстан аумағында тұратын, Арыс қаласындағы жекеменшік компаниялардың бірінде жұмыс істейтін 32 жастағы Канада азаматы екені анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша ол қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары