×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Ресей Беларусь аумағына ядролық оқтұмсықтар жеткізді

Бүгін, 14:02
Ресей Беларусь аумағына ядролық оқтұмсықтар жеткізді
Фото: Russian Defense Ministry Press Service/AP Photo/picture alliance

Ресей Беларусь аумағына ядролық оқтұмсықтар жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей қорғаныс министрлігі Беларусь аумағындағы зымыран бригадасының позицияларына арнайы ядролық оқтұмсықтарды жеткізген сәті бейнеленген видео жариялады. Видео Ресей мен Беларусьтің бірлесіп өткізіп жатқан ядролық оқу-жаттығулары аясында түсірілген.

Видеода әскери жүк көліктерінің орман жолдарымен қозғалып бара жатқаны және әскерилердің жүк түсіріп жатқаны көрсетілген. Бейнежазбада «Искандер-М» жедел-тактикалық зымыран кешені көрінеді.

Мәскеу 19–21 мамыр аралығында Минскімен бірлесіп, Беларусь аумағында ядролық оқу-жаттығу өткізілетінін мәлімдеген. Беларусь қорғаныс министрлігі 18 мамырдан бастап ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бөлімшелерінің жаттығуын бастап кеткен.

Ресей  бұған дейін Беларусь аумағында тактикалық ядролық қару орналастырған. Мәскеу бұл ядролық қаруды таратпау туралы шартты бұзбайды деген.

Серіктес жаңалықтары