×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстан қылмыс деңгейі жөнінен топ-50 елдің қатарына енді

06.02.2023, 12:13
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еліміз қылмыс деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде 48-ші орынға ие болды. Жарты жыл бұрын бұл көрсеткіш бойынша мемлекетіміз 47-ші орында тұрған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елдегі қылмыс индексі 52,7 болды – ол неғұрлым жоғары болса, қылмыс жағдайы соғұрлым нашар болады.

Индекс сауалнамалар негізінде мемлекеттегі қылмыстың жалпы деңгейін көрсетеді. Қылмыс деңгейі 40-тан 60-қа дейі болса, рейтинг жасаушылар "орташа" деп бағалайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда Беларусь пен Қырғызстанда қылмыс деңгейі жоғары, ал Молдова, Украина, Ресей және Өзбекстанда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен.

Рейтинг авторлары қылмыс тұрғысынан ең қауіпті елдер ретінде әлі күнге дейін Венесуэла мен Папуа – Жаңа Гвинеяны қарастырады, ал Катар “әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет” атағын сақтап қалды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 157,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз. Өткен жылы Алматыда ең көп қылмыс тіркелді – 34,9 мың, бұл көрсеткіш бір жылда 25,9%-ға өсті. Қылмыс көп жасалатын өңірлер мен қалалардың топ үштігіне Астана (17,1 мың құқық бұзушылық) және Алматы облысы (12,6 мың құқық бұзушылық) кірді. Қылмыстар көбінесе жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелді. Жалпы ел бойынша 10 мың адамға шаққандағы құқық бұзушылық деңгейі 2021 жылғы 82,7 -ден 2022 жылы 79,9-ға дейін төмендеді, - делінген статистикада.

Қылмыс түрлеріне келетін болсақ, 2022 жылы елде мүлікке қарсы қылмыстар жиі тіркелген(122,2 мың, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,1% - ға көп). Басқа кең таралған қылмыстардың қатарында халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бар.

Серіктес жаңалықтары