×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Бір шақырым - бір доллар: Аэротаксимен ұшу қанша теңге болады?

Бүгін, 16:15
Бір шақырым - бір доллар: Аэротаксимен ұшу қанша теңге болады?
ашық дереккөзден

Қазақстанда іске қосылатын аэротаксидің бағасы шамамен премиум такси қызметтерімен бірдей болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтің айтуынша, қазіргі есеп бойынша Алматыдағы ұзақ бағытқа аэротаксимен ұшу бір адамға шамамен 7 мың теңге болуы ықтимал. Бір әуе көлігі 5-тен 9 адамға дейін тасымалдай алады.

– Мысалы, адам Алматы әуежайына келді делік. Қазір кептеліске байланысты қалаға жету үшін бір жарым-екі сағат кетеді. Болашақта әуежай маңында аэродрондар тұрады. Адам алдын ала рейске тапсырыс береді. Қазір есеп бойынша бір шақырым шамамен 1 доллар болады. Яғни 15 шақырымға 15 доллар төлеп, тез жетуге мүмкіндік бар. Нарықта бәсеке артқан сайын баға да арзандайды, – деді ол.

Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас директоры Әлішер Әбдіқадыровтің айтуынша, ең сұранысқа ие бағыттардың бірі әуежай мен қала орталығы арасында болады. Сондай-ақ аэротакси Алматының тау кластеріндегі туристер мен Қонаев қаласына келетін қонақтар арасында танымал болуы мүмкін.

Арнайы вертипорттар көлік қатынасы ыңғайлы нүктелерде салынады.

– Бағасы қазіргі премиум таксилермен шамалас болады. Қазір де эконом, комфорт, комфорт+ секілді қызмет түрлері бар. Аэротакси ең премиум сегментке жатады. Оның басты артықшылығы – кептеліссіз бір нүктеден екіншісіне тікелей ұшу, – деді ол.

Үкімет мәліметінше, жаңа көлік түрінің қозғалыс ережелерін Алатау, Алматы және Алматы облысының әкімдіктері әзірлеуі мүмкін.

Сонымен қатар Алатаудағы жаңа ғимараттарды жолаушы және жүк тасымалдайтын дрондарға бейімдеу жоспарланып отыр. Бұл болашақта дрон арқылы жеткізу қызметін дамытуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Қазақстанда 19 мамырда алғашқы аэротакси сынақтан өтті. Ол Алатаудағы алғашқы вертипорт аумағында өткен болатын. Жолаушы мен жүк тасымалдайтын аэротаксиді 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары