×
471.45
547.21
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.45
547.21
6.63

Оразалы Ержановтың 4 жылға бас бостандығы шектелуі мүмкін

Бүгін, 14:55
Оразалы Ержановтың 4 жылға бас бостандығы шектелуі мүмкін
Ulysmedia.kz

Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотында Оразалы Ержановтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

САЯСАТПЕН АЙНАЛЫСУҒА ТЫЙЫМ САЛУ

Прокурор Оразалы Ержановтың бас бостандығын 4 жылға шектеп, пробациялық бақылауға алу жазасын тағайындауды сұрады.

Бұдан бөлек, прокурор соттан Ержановқа 5 жылға қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады.

Бұған дейінгі сот отырысында Оразалы Ержанов өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан. Ол бүгінгі сот отырысында сол сөзін тағы да қайталады.

Үкім қашан шығатыны әзірге белгісіз. Материал жарық көрген сәтте сот залында әлі жарыссөз болып жатты.

ҚАШАН ҰСТАЛДЫ?

Оразалы Ержанов биыл ақпанның соңында ұсталған. Бастапқыда оның үйінде тінту жүргізіліп, кейін белсенді 10 тәулікке қамалған. Полиция «сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі бойынша» іс тергеліп жатқанын хабарлаған.

«Әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат, референдумға бойкот жариялауға шақырулар және шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалану арқылы азаматтарды жаңылыстыруды көздейтін өзге де мәліметтер қамтылған жарияланымдар анықталды», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Сол уақытта Ержановтың жақтастары оның Facebook парақшасынан Конституцияны сынаған және референдумге бойкот жариялау идеясы жазылған барлық жазбасы жоғалып кеткенін айтқан. Бүгінгі сот отырысында Оразалы Ержанов жазбаларды өзі өшіргенін айтты.

5 наурызда Алматы соты Ержановты екі ай қамауға алуға санкция берген. 16 наурызда, Конституция бойынша референдум өткен күннің ертесінде ол сот шешімімен абақтыдан үйқамаққа ауыстырылды.

Референдум жөніндегі орталық комиссия есебінше, Жаңа Конституция жобасын дауыс беруге қатысқан халықтың 87,15 пайызы қолдаған. Қарсы 9,83 пайызы қарсы дауыс берген.

Серіктес жаңалықтары