×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Мұнай күрт арзандады

Бүгін, 08:48
Мұнай күрт арзандады
фото: ашық дереккөзден

АҚШ пен Иран арасындағы рамалық келісім жобасы дайын болғаны туралы ақпараттан кейін Brent маркалы мұнай бағасы 4 пайыздан астам арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҒА ҚАЛАЙ ҚҰБЫЛДЫ

ICE биржасының дерегіне сәйкес, Brent мұнайының шілде айындағы фьючерстері барреліне 98,7 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.

Ал тамыз айына арналған Brent фьючерстерінің құны 4,4 пайызға төмендеп, барреліне 95,7 доллар болды.

НЕ ӘСЕР ЕТТІ?

Еске салайық. бұдан бұрын, The New York Times басылымы АҚШ пен Иран арасындағы рамалық келісім жобасы дайын екенін жазған. Алдын ала келісім Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін қайта ашуды және Тегеранның жоғары байытылған уран қорынан бас тартуын көздейді. Дегенмен бұл талаптарды жүзеге асыру тетігі әлі де талқыланып жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасын шектеу аясында байытылған уранға бақылауды Вашингтонның қолына беруді талап етіп отыр.

Әзірге Иран билігі ықтимал келісімнің мазмұнына қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін америкалық шенеуніктер АҚШ пен Иран арасындағы рамалық келісімнің 95 пайызы дайын екенін мәлімдеген. Ал ирандық Tasnim агенттігі «түпкілікті келісімге әлі қол жеткізілмегенін» хабарлады. Агенттік келіссөз барысынан хабардар дереккөзге сілтеме жасап, кейбір тармақтар бойынша келіспеушіліктер сақталып отырғанын жеткізді.

ОРМУЗ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

The Washington Post басылымының хабарлауынша, АҚШ-пен рамалық келісім жасалған жағдайда Иран Ормуз бұғазын дереу ашып, 30 күн ішінде соғысқа дейінгі кеме қатынасы деңгейін толық қалпына келтіруге міндеттеме алады.

Келісім шарттары өзара түсіністік туралы меморандуммен бекітіледі. Бұғаз ашылғаннан кейін АҚШ пен оның одақтастары барлық бағыттағы әскери әрекеттерді, соның ішінде Ливандағы операцияларды тоқтататынын жарияламақ.

Fox News мәліметінше, алдағы 30 күнде америкалық әскер Иран маңында қала береді. Бұл қадам уақытша келісім бұзылған жағдайда немесе ядролық мәміле жүзеге аспай қалса, әскери жауап нұсқасы әлі де күшінде екенін көрсету үшін жасалмақ.

Серіктес жаңалықтары