×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Қоғам қайраткерлерін бопсалаған: Qirsabyn Telegram-арнасының әкімшілері сотталды

Бүгін, 18:01
Қоғам қайраткерлерін бопсалаған: Qirsabyn Telegram-арнасының әкімшілері сотталды
Ulysmedia.kz коллажы

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Qirsabyn атты ірі анонимді Telegram-арнаның әкімшілеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жабық өткен атышулы сот процесі

Айыптаулардың сипаты мен іс материалдарының құпиялығына байланысты сот отырысы жабық режимде өтті.

Күдіктілер 2024 жылдың желтоқсанында ұсталғаннан кейін басталған тергеуді алғашында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп жүргізген. Кейін іс толықтай ҰҚК қарауына өтіп, тергеу жоғары деңгейдегі құпиялылықпен жүргізілді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 110 мыңға жуық жазылушысы бар арнаның әкімшілері белгілі тұлғаларды, блогерлерді, инфлюенсерлерді және қоғам қайраткерлерін жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.

Арнада танымал адамдардың жеке өміріне қатысты қауесеттер, өсек-аяңдар мен жағымсыз мәліметтер жиі жарияланып отырған. Күдіктілер медиа кеңістіктегі тұлғалардан ірі көлемде ақша талап етіп, берілмеген жағдайда олардың жеке өміріне қатысты беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жариялаймыз деп қорқытқан.

Үкім

Айыпталушылар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі көлемде бопсалау жасағаны үшін (ҚР ҚК 194-бабы) кінәлі деп танылды. Сот оларға нақты мерзімге түрме жазасын тағайындады.

Астана қалалық сотының мәліметінше:

  • Р.Ә. ҚР ҚК 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
  • Р.Т. де осы бап бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында оларға жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (ҚР ҚК 147-бабы) бойынша да айып тағылған болатын. Алайда кейін бұл айып іс материалдарынан алынып тасталғанға ұқсайды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары