Ақтөбеде аттан құлап, мүгедектік алған ер адам сот арқылы 12 миллион теңге өндіріп алды. Бұл туралы Ақтөбе соттарына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz хабарлайды.
Ақтөбеде ер адам демалыс орталығында аттан құлап, ауруханаға түскен. Салдарынан оған бірнеше ота жасалып, 2-топ мүгедектігін алған.
Ведомство хабарлауынша, сот атпен серуендеу кезінде келтірілген зиянды өндіру туралы талапты қанағаттандырды.
“Істі қарау барысында талап қоюшыға атпен серуендеу қызметін көрсету кезінде жауапкер техникалық қауіпсіздікті сақтау шараларын қамтамасыз етпегені анықталды.
2026 жылғы 20 наурыздағы сот шешімімен 2 270 098 теңге материалдық шығын, 10 000 000 теңге моралдық залал өндірілді”, – делінген Ақтөбе қаласы №3 сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.