×
477.48
555.83
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.48
555.83
6.65

Мобильді аударымдар мақсатын түсіндіруге 30 күн беріледі

Бүгін, 12:36
Мобильді аударымдар мақсатын түсіндіруге 30 күн беріледі
Forbes/kz

Қазақстандықтарға мобильді аударымдарға қатысты салық органдарынан хабарлама келген жағдайда, түсініктеме беру немесе декларация тапсыру үшін 30 жұмыс күні беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезеңде азаматтарға айыппұл салу, банк шоттарын бұғаттау немесе қандай да бір шектеу енгізу мәселесі қарастырылып отырған жоқ.

«Азаматтарға аударымдардың қайдан түскенін түсіндіру немесе салық міндеттемелерін орындау ұсынылады», – деді Ержан Біржанов.

Қандай аударымдар тексеріледі

Еске салайық, салық органдары бірнеше талапқа қатар сай келетін мобильді аударымдарды бақылауға алып жатыр.

Атап айтқанда:

- ақша 100 немесе одан да көп әртүрлі адамнан түсуі керек;

- аударымдар қатарынан үш ай ішінде жасалуы тиіс;

- жалпы сома 1 млн теңгеден асуы қажет.

Билік мұндай бақылау жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтау мақсатында жүргізіліп жатқанын айтады.

Серіктес жаңалықтары