×
488.96
569.49
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.96
569.49
6.81

Харассмент туралы заң Парламентке күзде түседі

Бүгін, 13:15
Харассмент туралы заң Парламентке күзде түседі
Ulysmedia.kz коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орнындағы харассмент пен қудалау ұғымдарын енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл туралы ведомство басшысы Асқарбек Ертаев брифингте айтты.

“Бұл түзетулер Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдары негізінде ұсынылды. Заң жобасына тиісті өзгерістер енгізілді. Біріншіден, ұғымдық аппарат қарастырылды. Екіншіден, мұндай фактілер анықталған жағдайда жұмыс берушінің жауапкершілігі белгіленеді”, – деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта түзетулер бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Құжат осы жылдың күзінде парламентке енгізіледі деп күтілуде.

Контекст

Біріккен Ұлттар Ұйымы деректеріне сәйкес, 2022 жылы әлем бойынша қызметкерлердің шамамен 23%-ы жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен қудалауға ұшыраған. БҰҰ бұл көрсеткіш нақты жағдайды толық көрсетпеуі мүмкін екенін, себебі көптеген жәбірленушілер болған оқиға туралы айтудан бас тартатынын атап өткен.

Серіктес жаңалықтары