×
493.15
574.17
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.15
574.17
6.77

“Алатын мұсылман болса, некеңді өзім қиып беремін”: Діндар еркектің әйеліне айтқаны

Бүгін, 16:07
“Алатын мұсылман болса, некеңді өзім қиып беремін”: Діндар еркектің әйеліне айтқаны
фото: ЖИ/Ulysmedia.kz

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек салафизмның құрбаны болған әйелдердің аянышты тағдыры жайлы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Заңгердің сөзінше, салафизм идеологиясының қазақ әйелдеріне келтірген зардабы енді айқын көріне бастаған.

“Соңғы бір аптаның ішінде дәл осындай жағдайға тап болған үш әйел көмек сұрап жүгінді. Соның бірі қазір дағдарыс орталығында жатыр. Үшеуі де шариғат жолымен некеге тұрған, төртінші-бесінші әйел болған жандар. Айтуларынша, некеге дейін ер адамдар уәдені үйіп-төгіп, бар жағдайды жасайтынын айтып сендірген. Алайда шариғатпен неке қиылғаннан кейін шынайы бет-бейнелері ашылған. Тіпті біреуі әйеліне «Егер сені алатын мұсылман табылса, некеңді өзім қиып беремін» дегенге дейін барған, - дейді Айгүл Орынбек.

Белсенді осы жағдайдан кейін көп әйел алуға үгіттейтін діндарларға үндеу жасады.

“Қазақтың ер азаматтарын көп әйел алуға үгіттеп жүрген ағалар, мекенжайларыңызды беріңіздерші. Мына әйелдерді үйлеріңізге жіберейін.Осы әйелдердің жанайқайын тыңдап, көз жасын сүртіңіздер. Өйткені бұл – сіздердің уағыздарыңыздың нәтижесі”, - деп жазды ол.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, қазақстандық имам Құрбанәлі Ахмет Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін өзінің сұрауымен шәкіртіне қосқанын айтқан еді. Сондай-ақ ол әйелін қайын атасы «сыйлағанын» және оны бірінші әйелінің рұқсатынсыз алғанын мәлімдеген. Екінші әйелінен бес баласы бар.

Құрбанәлі Ахметтің айтуынша, біраз уақыттан кейін отбасында жанжал туындап, екінші әйелі ажырасуға ниет білдіріп, басқа адамға тұрмысқа шығатынын айтқан. Осыдан кейін ол әйелін өзінің шәкірттерінің біріне тұрмысқа берген.

Айта кетейік,осыған орай Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи осы мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысын қайта қарау қажет екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары