×
485.34
564.45
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.34
564.45
6.53

50 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін

Бүгін, 09:05
50 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Фото: freepik.com

Жасанды интеллект Қазақстандағы еңбек нарығын өзгертіп, ондаған мамандық жойылуы мүмкін, хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстанда жасанды интеллект пен автоматтандырудың қарқынды дамуы еңбек нарығына айтарлықтай ықпал етіп отыр. «Жетінші арна» таратқан мәліметке сәйкес, ондаған мамандық алдағы жылдары жойылып кетуі мүмкін.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен сарапшылардың дерегінше, елде шамамен 50 мың адам жұмыссыз қалып, тағы 4 миллионға жуық азамат өз мамандығын өзгертуге немесе жаңа дағдыларды меңгеруге мәжбүр болуы мүмкін.

Ведомствоның болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстанда 14 мамандық толық жойылуы ықтимал. Бұл негізінен қайталанатын операцияларға негізделген кәсіптерге қатысты. Атап айтқанда, колл-орталық операторлары, мәтін терушілер және деректерді өңдеушілер.

«2035 жылға қарай 14 мамандық жойылуы мүмкін. Олардың қатарында өңдеушілер, колл-орталық операторлары, мәтін терушілер бар. Қазірдің өзінде бұл салада 50 мыңнан астам адам жұмыс істейді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту департаментінің директоры Мұхтар Төлеу.

Сонымен қатар 46 мамандық сақталғанымен, бұл салалардағы жұмыс орындары қысқаруы мүмкін. Олардың қатарында кеңсе қызметкерлері мен бухгалтерлер бар. Жалпы алғанда, трансформация 562 мамандықты қамтиды.

«Бұл өте үлкен үлес. Шамамен 4 миллион адамды қамтиды», – деді ол.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда еңбек нарығында цифрлық дағдыларға және жасанды интеллект құралдарын қолдана білу қабілетіне сұраныс артып отыр. Соның ішінде AI жүйелерін дұрыс сұраныс құра білу — промпт жасау дағдысы маңызды болып отыр.

Болашақта қай мамандар сұранысқа ие болады

Мамандар жасанды интеллект адамды толық алмастырмайтынын, алайда еңбек нарығын түбегейлі өзгертетінін айтады. Бұл ретте AI технологияларын кәсіби білімімен ұштастыра алатын мамандардың бәсекеге қабілеттілігі іжоғары болмақ.

«Заңгерлер немесе бухгалтерлер жасанды интеллектті тиімді қолдана білсе, олар еңбек нарығында артықшылыққа ие болады», – деді Astana Hub AI өнімдері кеңсесінің директоры Алдамжар Киікбаев.

Қазіргі таңда елде қайта даярлау мен жаңа цифрлық дағдыларды игеру күшейіп келеді. Сонымен қатар алдағы жылдары жаңа мамандықтар пайда болады деп күтілуде. Олардың қатарында AI-дизайнерлер, жасанды интеллект қауіпсіздігі инженерлері, медициналық деректер талдаушылары және AI-агенттер менеджерлері бар.

Осылайша, Қазақстанның еңбек нарығы технологиялық трансформация кезеңіне қадам басты.

Серіктес жаңалықтары